Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Саусақ ізімен активацияланбаған телефондар бұғатталады

Саусақ ізімен активацияланбаған телефондар бұғатталады

Танзанияда 2019 жылдың желтоқсан айының 31-нен бастап саусақ ізімен активацияланбаған телефондар бұғатталатын болды. Бұл жайында Nipashe мерзімді басылымы аталған елдің құрылыс, тасымалдау және хабарлама жөніндегі министрі Исаак Камбелбеге сілтеме жасай отырып хабар таратты. Арушедегі Панафрикалық пошта одағы (PAPU) бөлімшесі орналасатын ғимарат құрылысына қатысты келісім-шартқа қол қояр кезде ол бүгінгі таңда СИМ-картаны активациялауға ешқандай кедергі жоғын алға тартып, аталмыш талапқа құлақ аспағандардан байланысты үзіп тастайтынын мәлімдеді. Осылайша аталған ел билігі телефон ұрлығының алдын алып, қылмыс деңгейін төмендетпек.
Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, СИМ-картаның жоғалуынан немесе қолды болуынан ақшалай аударымдарының айырылып қалып жатқанын жеткізді. Африка құрлығының шығысында орын тепкен елдің байланысты реттеу органының (TCRA)  атқарушы директоры Джеймс Килабтың айтуынша, қазіргі уақытта 7,6 млн танзаниялықтың19 миллионнан аса СИМ-картасы саусақ ізімен активацияланады. Бұл елдегі телефон нөмірлерінің 42%-ын құрайды. Ал телефон нөмірін саусақ ізімен тіркеу осы жылдың мамыр айының 1-нен бастап ресми басталған болатын. Қылмысты азайтуды желеу етіп, ел тұрғындарын бақылауда ұстаудың амалы ретінде бағалайтындар да жоқ емес.

islam.kz
25 желтоқсан 2019 ж. 604 0