Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде


Өткен сенбіде қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органының қызметкері, милиция сержанты Оразбек Сансызбаевтың атын мәңгі есте сақтау мақсатында ескерткіш тақтасы ашылды.
Аталған шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Пазылбек Нәлібаев, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дәуіржан Төлешұлы мен ІІО-ның ардагерлері, жеке құрам қатысты.
Оразбек Шәкірұлы 1970 жылы Шиелі кентінде дүниеге келген. 1978 жылы №45 орта мектептің 1 сыныбына барып, оны 1985 жылы бітіреді. 1986 жылы №11 кәсіптік техникалық ущилищесінде «Тракторист, слесарь, жүргізуші» мамандығы бойынша білімін жалғастырады. 1989 жылы Свердловск облысы Нижний Теган қаласында орналасқан №4975әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтейді. 1991 жылы елге оралып, 1992 жылдан бастап Қызылорда ОІІБ-ның жанындағы күзет бөлімінің милиция ротасының мотовзвод милиционері лауазымына тағайындалып, ішкі істер органындағы қызметін бастаған. 1995 жылы қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан.
Оразбек Сансызбаев атына берілген көшеден ескерткіш тақтаның ашылуы көпті қуантты. «Тау алыстаған сайын биіктей береді» демекші арада 24 жыл өтсе де, елдің тыныштығы үшін еңбек етіп, жанын құрбан еткен батырдың есімі ешқашан елдің есінен өшпейтіндігі жайлы сөз етілді.

Е.ДАТҚА

10 желтоқсан 2019 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930