Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 74 000 отбасы АӘК-ті заңсыз алған

74 000 отбасы АӘК-ті заңсыз алған

Бүгінгі күні елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнап атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны белгілі. Қазіргі таңда осы көмекті 420 000 отбасы алып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шиелі ауданындағы сапарында мәлімдеді. Сонымен бірге министр АӘК-ті заңсыз жолмен алып жатқандардың да бар екенін жасырмады. Біржан Бидайбекұлының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жаз айларының өзінде 74 000 отбасының заңсыз әрекеті әшкере болған. Ал Қызылорда облысы бойынша 3687 отбасы табысын жасырған. Оның 151-іне төлем тоқтатылып, бертінге дейін АӘК беру бойынша қайта есептеу жүргізілуде. Министр бұдан бөлек кей отбасылардың кәсібі мен табыс көлемін жасыратынын айтты. Әрине, бұл өз кезегінде атаулы әлеуметтік көмекке шын мұқтаж адамдарға зиянын тигізеді.
«Өскен өңір» ақпарат
29 қазан 2019 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031