Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернеттің игілігін көріп жүрміз бе?

Интернеттің игілігін көріп жүрміз бе?

Жаңа ғасырдың басты жаңалығы болған интернетті қолданбайтын адам кемде-кем. Әркімнің пайдалану мақсаты да әрқалай. Бірі бизнес бастап, кәсібінің тасын өрге домалатып отырса, енді бірі әлеуметтік желінің арқасында жұлдызға айналды. Биыл бүкіләлемдік тордың пайда болғанына 28 жыл екен. Осы уақыттың ішінде интернеттің пайдасынан гөрі зияны көп айтылды. Психологтар дүниетанымның дамуына, қоршаған ортаны сезінуге кері әсерін тигізіп, күйзеліске ұшыратады деп пайым жасады. Бұл тұрғыда ғалымдар да өз дәлелін айтып үлгерді. Олар «Инстаграм» тәуелділікке, «Вконтакте» суицидке жетелейді деген тұжырым шығарды. Дүниені дүр сілкіндіріп, жаһанды жаулаған желі жөнінде дәрігерлер де үнсіз қалмады. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, компьюьтер мен ұялы телефонды жиі қолданудың нәтижесінде көз, желке тұс, мойын мен иық, жауырын және білек зардап шегеді. Хош. Осылайша «Ашынғаннан шығады ащы даусым» деп ғаламтордың зиянды тұсын тізбектей берсек таусылмайды. Алайда біз интернеттің игілігі туралы да естен шығармауымыз керек. Иә, сансыз адамды сымсыз байланыстырып отырған бүкіләлемдік тордың кесірі мен кесімді тұсы бір-біріне пара-пар. Олай болса, бүгін интернеттің игілігін саралап көрелік...
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар. 
"Өскен өңір" ақпарат
03 қазан 2019 ж. 1 517 0