Смартфоннан бетте секпіл пайда болады
Бүгінде ұялы телефонсыз өмірімізді елестету қиын. Оның зиянды тұстарын біле тұрсақ та, бас тарта алмайтын кезіміз көп-ақ. Ұялы телефондар мидағы қатерлі ісік дертіне себепкер болуы мүмкін бе деген тақырыпта зерттеу жүргізген Израиль денсаулық сақтау министрлігінің ғалымдары күтпеген қорытынды шығарды. Олар ұзақ уақыт зерттей келе ұялы телефон мен оның жиілігі мида қатерлі дерттің пайда болуына себепкер емесін анықтаған. Оған қоса адамның ДНҚ жүйесіне де зияны жоғына көз жеткізген. Демек ДНҚ-ға зияны болмаса, тері қатерлі ісігі дертіне шалдықтырмайды екен. Смартфон қатерлі дерт түрлеріне себепкер болмаса да, бетте сепкілдің пайда болуына әсер етеді екен. Бетке қойғанда дисплейдегі жылу теріге әсерін тигізіп, пигменттер қызметін жылдамдататын көрінеді. Нәтижесінде бетте сепкіл пайда болуы мүмкін. Мұны шешудің оңай жолы бар. Ол – телефонның даусын көтеріп сөйлесу, екіншісі bluetooth құлаққаптарды пайдалану. Айта кетейік, секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша формалы ашық сары, қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Қыстыгүні секпіл біржола жоғалып кетпесе де өзге мезгілдерден азая түседі.
Massaget.kz
Massaget.kz