Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Телеграм-бот тағы бір қызметпен толықты

Телеграм-бот тағы бір қызметпен толықты

Енді телеграм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексерумен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақыру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында ХҚО кезекті брондай қызметтері қолжетімді болғанын жариялаған еді. Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туады. Басқаша айтқанда туу туралы куәлікке тапсырыс беру. Бала туу бойыншща жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.
-Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет. Яғни, eGov.kz порталындағы жеке кабинетке телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек. Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.




«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.


03 қазан 2019 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930