Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді

BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Жекелеген аумақта найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарында, сондай-ақ желдің күші 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Кей жерде найзағай күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аумағында тұман, бұршақ болжанады.

Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде жел 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысында жел 23-28 м/с артады, түнде кей жерінде найзағай ойнайды.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.

Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйек 2019 ж. 900 0