Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын, сондықтан табыс көзі жоқ отбасыларға баспана алуға несие берілмейтінін айтты. Ол елордада өткен брифингте тұрғын үйді жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен қалай алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Ибрагимова үйді жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен тұрғын үй алу үшін кезекте тұрып, кезекті бақылап, жолдама алу керегін айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін кіріс болуы тиіс.

ТҚЖБ басшысының сөзінше, АӘК немесе жәрдемақы алатын, бірақ кірісі жоқ отбасылар баспана алу үшін несие беруін сұрап келеді екен. Алайда мұндай отбасыларға бас тартылады, дейді.

«Еңбек кірісі жоқ отбасыларға несие беруден бас тартылады. Бізге кей отбасылар келіп, көп АӘК алатынын айтып жатады. «Менің бірнеше балам бар, айына 200 мың теңгеден көп ақша аламын. Алатын ақшам 150 мың теңгеге жұмыс істеп жүргендерден де көп», - дейді. Алайда біз әлеуметтік жәрдемақылар мен АӘК-ні кіріс деп санамаймыз. Сондықтан мұндай санаттағы отбасыларға баспана алу үшін несие бермейміз.

Мемлекет балаға жағдай жасалуы үшін көмек бөліп отыр. АӘК арқылы несиесін жабуға ешкім жол бермейді. Осыны барлық отбасы түсінсе деймін», - дейді Ибрагимова.

20 қыркүйек 2019 ж. 792 0