Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде табысы төмен отбасыларға арналған жоба басталады

Елімізде табысы төмен отбасыларға арналған жоба басталады

Қазақстанда табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және олардың өз ісін ашуына қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жоба іске қосылады. Бұл жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның авторы Айжан Нұрланова жүзеге асырады. Жалпы үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді», - делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, 20 қыркүйекте Алматы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрланова арасында алғашқы тиісті меморандумға қол қою жоспарланған. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдіктерімен жасалады. Жоба аясында жоба авторы мұқтаж азаматтарға қажетті мүкәммал, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы үй бизнесін жүргізуге көмек көрсетіледі. Бұл жобаны Айжани Нұрланова ілкі режімде Маңғыстау облысында сәтті жүзеге асырды. Аталған өңірде 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлік жүргізудің негізгі дағдыларын оқып, жеке істерін ашты.

19 қыркүйек 2019 ж. 717 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 76

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930