Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Әлі де жеңілдеу": сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты

"Әлі де жеңілдеу": сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты

Бір топ депутат өлім жазасын енгізуді бұған дейін де ұсынған, алайда ол парламенттен қолдау таппаған.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендерді өлім жазасына кесуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғары палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, әйелдерге зорлық-зомбылық, әсіресе балаларды зорлау, болмаса адам ұрлау ауыр қылмыстың қатарына жатады.

"Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке қарай, бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр, алдыңғы жылдары бір топ сенатор ауыр қылмыстарға өлім жазасын беруді ұсынған едік. Өкінішке қарай, қолдау таппады. Сондықтан да мен парламент мүшесі ретінде айтарым, балалар мен әйелдерге қарсы жасалатын ауыр қылмыстарға өлім жазасын беруіміз керек", - деді сенатор.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында осы мәселені көтерген болатын. Мемлекет басшысы адам зорлау, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстар үшін, әсіресе балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазаны жедел түрде қатаңдатуды тапсырды.

Осыдан кейін бас прокуратура аса ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуге арналған жоспарды жария етті. Оған сәйкес, балаға қатысты зорлау әрекеті үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру немесе 20 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы болады.
11 қыркүйек 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

№86 (8737)

05 қараша 2019 ж.

№85 (8736)

01 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам