Жас құтқарушылардың халықаралық байқауында Қазақстан құрамасы алтын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында Жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің I-Халықаралық слеті аяқталды. Чемпионат кубогы үшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан және республикамыздың 14 облысының командалары сайысты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарыс нәтижесі бойынша алтынды Қазақстан құрама командасы, Ресей Федерациясы екінші орынды және Өзбекстан үшінші орынды иеленді.14 облыстың ішінен бірінші орынды СҚО құрама командасы, екінші орынды Ақмола облысы, үшінші орынды еліміздің астанасынан келген жас команда иеленді.
«Жас құтқарушылар жоғары дайындықтарын көрсетті. ТЖ мен құтқарушылардың ұлты мен азаматтығы жоқ. Кез келген төтенше жағдай – бұл үлкен қайғы, құтқарушылар барлық жерде, бірінші кезекте, бейбіт уақытта жанкешті адамдар, батырлар болып қалады. Мен біздің жас қатысушыларымыз болашақ құтқарушылар - кәсіби құтқарушылар екеніне сенімдімін»,- деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов слеттің жабылу салтанатында.
Өз кезегінде Әзірбайжан Республикасы ТЖМ жанындағы Қоғамдық байланыс басқармасы бастығының орынбасары Махпуба Мустафаева балалардың дайындығы туралы айтып берді.
«Дегенмен, біз жеңістеріміз үшін емес, тәжірибе бөлісіп, бір-бірімізбентәжірибе алмасуға келдік. Қазақстандықтар маған бұрыннан таныс, дайындық деңгейі жоғары. Жетінші жыл халықаралық жарыстар өткізіледі, Сіздің ел бірінші жылдан бастап қатысады. Ресей Федерациясында, Беларусьте кездесіп, бізге келді. Өткен жылы Әзірбайжанда өткен халықаралық слетінде 10 командадан сіздер 3-орынға ие болды. Слет жоғары деңгейде өтті, балалар Ақмола облысының қонақжайлылығы туралы ұзақ уақыт әсер қалдырады. Біз Қазақстанның маржаны экскурсиясында болдық, сіздің республикасыңыздың табиғатына тамсандық. Ұйымдастырушыларға жылы қарсы алғандары үшін үлкен рахмет», - деді Мұстафаева.
Естеріңізге сала кетейік, I-Халықаралық слетке Қазақстан атынан Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері, ал Ақмола облысынан Көкшетау қаласының көп салалы азаматтық қорғау колледжі қатысты.