Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін

Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін

Елімізде ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Ондағы ғылыми жұмыстармен Назарбаев университеті жанынан ашылған энергетикалық зертхана мамандары айналыспақ. Бұл туралы осы орталық жұмысын жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда айтылды. Жиынға қатысушылар танымал ғалымдардан ғарыш әлемі тақырыбында тың деректер тыңдауға мүмкіндік алды. Басқосуда сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мен шетелдік ғылыми орталықтардың ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру жайы да талқыланды.   Бекдәулет Шүкірғалиев, энергетикалық ғарыштық зертханасының ғылыми қызметкері: – Жоғары энергияны зерттейтін саладағы мамандар жиналып, ғарышты зерттеу саласы бойынша қандай жетістіктерге жетті? Нені зерттейміз? Осы сұрақтарға жауап іздейміз.


 https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/322466-aza-standa-arysh-ke-istigin-zertteu-ortaly-y-ashyluy-m-mkin
17 маусым 2019 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031