Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлытауда дәстүрлі "Көкмайса" этнофестивалі өтеді

Ұлытауда дәстүрлі "Көкмайса" этнофестивалі өтеді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 14 мен 16 аралығында Ұлытау ауылында екінші рет "Көкмайса" этнофестивалі өтеді. Шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен, алыс және жақын шет елдерден келген қонақтар қатысады, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.


Фестивальдің бірінші күнінде Ұлытау ауылының мәдениет үйінде "Едіге тау – ескі жұрт ескерткіші" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференциядан соң қонақтар үшін Едіге тауына сапар ұйымдастырылады. Кешкі уақытта жастар үшін "Алтыбақан әндері" мерекесі болады. Мұнда жастар алтыбақанда тербеліп, қазақ халық әндерін орындайды.
15 маусымда "Көкмайса" этнофестивалі театрландырылған көрініспен ашылады. Дәл осы күні қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптар, садақ ату, қатын күрес, аударыспақ, теңге алу, асау үйрету секілді ұлттық сайыстар ұйымдастырылады. Кешке сахнада ән орындаушылар байқауының ақтық сайысына шыққандар өнер көрсетеді. Соңында жиналған қауым назарына гала концерт ұсынылады.
"Фестивальдің соңғы күнінде қонақтар мен қатысушылар үшін Ұлытау тауларына экскурсия ұйымдастырылады. Тау бөктерінде атпен серуендеуге болады. Бұл күні сондай-ақ көкпар, қыз қуу, аламан бәйге өтеді. Соңында фестивальдің жабылу салтанаты болады. "Көкмайса" этнофестивалін ұйымдастырудың басты мақсаты – Ұлытау ауданының туристік әлеуетін жоғарылату болып табылады. Бұл шет елдік қонақтарды қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен таныстырудың жақсы және көрнекті мүмкіндігі", - делінген таратылған ақпаратта.
"Көкмайса" этнофестивалі алғаш рет 2018 жылы Жезқазғаннан 160 шақырым қашықтықта Ұлытау маңындағы Кененбай көлінің жанында өтті. Ол "Терісаққан көктемі" этнофестивалінің бір бөлігі болып табылады. Аталмыш шара шет ел азаматтары танымалдылыққа ие болып, ЮНЕСКО және ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы) беделді халықаралық ұйымдарының назарын аударған.
12 маусым 2019 ж. 762 0