Қызылордалық монополисткомпания сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтықты таңдады
Қызылорда облысындағы электр энергиясын таратушы монополист мекеме «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚжеке және заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында өз бизнес процесстерін оңтайландыруда.
Бұған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіменКомпанияқызметіне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу қорытындысымен қол жеткізіліп отыр.
Азаматтарға қолайлы және сапалы қызметтерді құру мақсатында Агенттіктің облыстағы департаменті мен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында әкімшілік кедергілерді болдырмау, сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, бизнес процесстерді жетілдіру, арнайы комплайнс қызметін құру және компанияның жұмыс жасау тәртібіне «Open space» форматын енгізу шаралары қолға алынды.
Осы орайда, Компаниямен жеке және заңды тұлғаларға техникалық шарт беру қызметінің Стандарттары әзірленіп, осы стандарт негізінде қызмет көрсетуді бастап кетті.