Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қарағандыда триатлон саябағы салынуда

Қарағандыда триатлон саябағы салынуда


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда ашық аспан астындағы бірегей спорт аймағы пайда болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс компаниясы триатлон саябағын салады. 

Саябақ «Көгілдір тоған» және Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының арасында орналасады. Триатлон саябағының құрылысы барысымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты.

"Жұмыстар кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Біз құрылыс алаңын дайындадық, аумақты тазаладық. Қазір біз қажетті рұқсаттамаларды аламыз. Жағалау жолағын тазартып, жарықтандыру жұмыстарына кірісеміз.  Шахтерлер күніне қарағандылықтарға сыйлық жасау үшін тамыз айында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді «Eurasia Building» тобының төрағасы Айдос Мұхатаев. 

Триатлон- саябағында тартан мен асфальтбетоннан жасалған ұзындығы 5 шақырым жүгіру және велосипед жолдары салынады. Жүзуге арналған алыс және қысқа қашықтықтарға понтондар жабдықталады. 100 велосипедке арналған спорт алаңы мен транзиттік аймақ, автотұрақ, теннис корты, қарт адамдар мен кішкентай балалары бар аналарға арналған демалыс аймағы қарастырылған. Жаңа спорт нысанында халықаралық жарыстар өткізуге болады.

"Салауатты өмір салты үшін қала тұрғындарына осындай саябақ қажет. Жобаның жақсы ойластырылғанын, спортпен шұғылдануға және демалуға жақсы жағдай жасалатынын көріп отырмын", - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Әкім саябақ аумағын мүмкіндігінше көгалдандыру жөнінде айтты. Құрылыс орнында 300 ағаш отырғызылған. Компания басшысының айтуынша, жыл соңына дейін жасыл желектер саны 10 есеге артады.
  
16 мамыр 2019 ж. 7 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37( 8688)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (8687)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (8686)

08 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам