Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың төрт тойы

Қазақтың төрт тойы


Қазақ халқы - тойшыл ел. Жайлаудан қыстауға, қыстаудан төменге түсіп көшіп жүрген шаруа адамдары бой жазып, көңіл көтеріп, бір-бірлеріне ақ тілектерін айтып, әр маусымға жақсылық тілеп, келесі тойды амандықта, қуанышта қауышқанша асыға күткен. Әр мезгілдің өзіне арналған тойы болған. Оларды ерекше атап өткен. Олай болса қазақтың осы бір төрт тойын біле жүріңіздер. Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды. Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі. Мизам (Сабан той). Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді. Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/44787/
05 сәуір 2019 ж. 1 810 0