Бұл соғыс ұмытылмайды
Кеңес кезеңінде ұзақ уақытқа созылып, қаншама адамның өмірін жалмап, қайғы-қасірет әкелген нәубеттің бірі – Ауған соғысы. Кім үшін, не мақсатпен болып жатқаны белгісіз сұрқия соғыста еліміздің азаматтары әскерде берген антына адалдық танытып, соңына дейін арпалысты.
Биыл бұл соғыстың аяқталғанына 35 жыл толды. Қанша уақыт өтсе де, өзге елде соғысқан ардагерлеріміздің жан жарасын Ауған елінің қасіреті ақпанның аязындай қаритыны сөзсіз.
Еліміздің ішкі тәртібін тізгінге алған Ұлттық ұланда Ауған еліндегі ауыр жылдардың қайғысын көзімен көріп, басынан кешкендер де бар. Болмысында батырға тән батылдығы басым ардагерлеріміз өткен күннің оқиғасын жастарға тек үлгі ретінде үгіттеп, насихаттап келеді.
Олар – отставкадағы аға прапорщиктер Виктор Клязмин мен Владимир Самарский. Екі аға прапорщикті бір арнаға тоғыстырған 6506 әскери бөліміндегі әскери қызмет еді. 1980 жылдарда ата-ананың ауыр еңбегі мен батыл бейнетін бала күнінен көріп, қалада тұрса да, қажырлы қызметтерін қара техниканы тізгіндеуден бастаған бозбала жігіттер мерзімдік қызметтерін аяқтаған соң, біржола әскери қызметке оралуға бел буады. Бірі жеңіл автокөліктің, бірі ауыр техникалардың бірі – бронетранспортердің руліне отырды. Виктор Алексеевич Ауған еліндегі қызметке өз еркімен сұранғандардың қатарында болды. Таулы елдегі соғысқа таңдалып алынатын жауынгерлер жан-жақты тексерістен өтеді. Мәскеудегі үлкен генералдармен жеке сұхбаттан кейін ғана тізімге ілінеді. Бір әскери бөлімдегі прапорщиктер бір жасақтың құрамында қара күздің қыркүйек айында Ауған еліндегі арпалысқа аттанып кетті.
Екі дос қызметтеріне байланысты екі қалаға бөлінді. Виктор Клязмин қауіпті орталық Кандагар қаласына аттанса, Самарский Владимир Газнеге кетті. Бұлар қызметі қатаң құпия сақталатын Ішкі әскердің «Кобальт» деп аталатын арнайы жасағының құрамында болды. Бұл елде сол кездегі теміржолдың, теңіз жолдарының жоқтығын, авиацияның нашар дамығанын ескерсек, басты күш тек таулы аймақтардағы жөнсіз жолдарда еді. Әскерге жеткізілетін барлық материал, мүлік пен азық-түліктің бәрі қара жолдың бойымен қатар тізілген көліктермен тасымалданды. Виктор Алексеевич бронетранспортермен талай көліктердің легін қатерлі таулы жолда қалқан болып алып жүрді. Тау-тастың тасасында қас-қағымда өміріңді қылыштай кесіп түсетін дұшпандардың мергендері отыратын. Күнделікті қанша көлік өтті, қанша рет шабуыл жасалды, қанша адам жараланды және өкінішке қарай, қанша адам қаза болғанын есептеу – оның қарапайым ғана, алайда қаһармандықпен орындалатын басты борышы еді. 1981 жылдың наурыз айында болған үлкен шайқастардың біріне көмекке жөнелтілген көліктерді шекара аймағындағы басқа қаладан алып келуге тура келеді.
«Жолым болды, жол бойы ешқандай атыс-шабыссыз алып келдім, бірақ керісінше болуы да мүмкін еді, фашизмге қарсы соғыс болсын, Ауған соғысы болсын бір ұққаным, сен жауды немесе жау сені алады. Ауған еліндегі қасіретті жылдардан есімде сақталып қалғаны – ешкімді марапат та, атақ та, шен де қызықтырмады, қиын жолда бір-біріміздің өмірімізді сақтауды алғашқы орынға қойдық», деп еске алады аға прапорщик Виктор Клязмин.
Владимир Иванович Газне қаласында қызмет етті. Олардың басты қызметі қарапайым халық арасында жүріп, барлау жүргізу, ақпарат жинау еді. Сол арқылы бандиттік топтарды жоюға арналған операцияларды ұйымдастыруға көмектесті. Жауынгерлік түрлі операцияны ұйымдастырып, зерделеуге қатысқан арнайы офицерлердің автомобилінің жүргізушісі бола жүріп көп оқиғаны бастан кешірді. Соғыс жүріп жатқан елдің қарапайым ғана бір ауылынан келесісіне бару үлкен қиындық туғызды. Жол бойы дұшпандардың түрлі топтары шабуыл жасауы мүмкін. Ауған асуында от кешкен Владимир Иванович соғыстың қатыгездігіне талай көз жеткізді. Бала кезінде кинодан ғана көретін жантүршігерлік оқиғалар көз алдында болып жатты. Жылдан аса өзге елде өздерінің интернационалдық борышын өтеген аға прапорщиктер Владимир Самарский мен Виктор Клязмин 1981 жылы елге оралды. Әрине, аман оралғандарына қуанышты еді, алайда соғыстың зардабы мен әсері жүректерінде өмір бойы қалды.
Тарихымыздың шежірелі беттерінде қалған талай соғыстың бәрінде қаншама қаһармандық пен батырлықтың үлгісін көрсеткен тұлғаларымыз бар. Олардың ерлігін егемен елде еркін өсіп келе жатқан жас өрендерге насихаттап, ардагерлерімізді ардақ тұту асыл парызымыз екені даусыз.
Малика ШЫНЖІГІТОВА,
әскери журналист