Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда

Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда


Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
- Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді.
- Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім.
- Ассалаумағаликум, аға!
- Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды.
- Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
- Денсаулығыңыз қалай, аға?
- Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ.
Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып кетуі мүмкін. Ауруханадан әбден мезі болдым, аурухана да менен мезі. Күйгенде ашық тымаудан емес, жабық, жасырын тымаудан күйдем. Шүкір, кешелі бері біраз тәуірмін.
Кресло арқалығына сәл шалқая, сөйлеп отыр.
- Бұдан бірер жыл бұрын Москваның қалалық дәрігері, профессор Ивановскийге барып көрініп:
- Сырқаттанып жүргеніме үш жыл болды, - дегенімде ол тексере келіп:
- Сіздің ауырғаныңызға үш жыл емес, отыз жыл болған, жолдас полковник. Осы кезге дейін жастық қызулықпен білмей келгенсіз, - деді.

(Мамытбек Қалдыбай «Атақ пен шатақ» кітабынан) 
26 қазан 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930