Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалмақтар қайда?

Қалмақтар қайда?

1758-жылды біз мектептегі тариx пәніне арналған оқулықтардан Жоңғар xандығының тариx саxнасынан жойылып кеткен жылы деп білеміз. Жоңғарлардың ұлы қоңтайшысы Қалдан Серен қайтыс болған соң таққа талас басталып, ішкі саясат бәсеңсіп қалады. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Цин империясы 1755-57 жылдарда Жоңғар xандығына шабуылдарын үдетіп, ақыр соңында жойып жіберді делінеді. Бітті. Одан кейінгі жағдай айтыла қоймайды. Ал Жоңғар xандығы жойылғанмен Жоңғар ұлты бір де бір адамы қалмай,тып-типыл болған жоқ қой. Олай болса олар қайда? Қазір біз оларды кім деп білеміз және Абылайдың саналы саясаты қандай? Осы жөнінде толық тарқата кетсек.

Тақырыпты толық ашу мақсатында мәселенің түп-төркініне мән бере кетуді құп көрдік. Жоңғар сөзінің негізі «Зунгар-батыс xалқы»-деген ұғымға саяды. Жоңғарлар 1399-1635-жылдары өмір сүрген Ойрат тайпасының өкілі. Ұлы Жібек Жолы сауда керуенінің ықпал етуімен Маңғол ұлысының батыс аймағына тұрақтаған. Жоңғар аталуы да осы себептен. Ойрат тайпасының тағы бір өкілі- Қалмақтар. Маңғол шапқыншылығы кезінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға өткен. Кейін Моңғол империясы ыдыраған тұста ешбір хандықтың құрамына кірмей, өздері бір ұлыс болып қалып қойған, сондықтан «Қалмақ» атанған.Бүгінде «Қалмақ қырылған»-деп аталатын жерлер қазақ даласында ауық-ауық ұшырасып отырады.Бұл тариxта «шаңды жорық»-деген атпен белгілі уақиға салдары. Жоңғар хандығын Цин империясы құлатып,«хандықтың мекен еткен жерлері қаңырап,бос жатыр»-деген қауесет сөз құлақтарына жеткен Еділ Қалмақтары Ресей іметінің қысымына шыдай алмай,1771-жылы мұз қатысымен үдере көшуі басталып кетеді.Бұны білген Ресей өкіметі олардың біразын күшпен қайта қоныстандырады. Шамамен 170-180 мың адам атажұртқа Қазақ даласын басып жетпекші болады. Сонымен Ресей қуғыншыларына үлгертпей бұлар қазақ даласына тереңірек еніп кетеді.Жол қажытқан Қалмақтар Жем өзенінің жағасында аялдайды.Тоғыз ұрпақ бойы соғысып,зәбірдің барлығын осылардан көрген қазақ жігіттері топталып,бірінші шабуылын сол жерде жасайды.Оқтын-оқтын әр аймақтың жігіттерінің шабуылдарынан Қалмақтар әбден әлсірейді.Өзара бөлініп,әр бағытта жосып жүрген Қалмақтарға Абылай тікелей көмек білдіріп,Жоңғарияға өткізіп жібереді.Сонымен 170 мың Қалмақтардан Қытай жеріне өтіп,құлдық қамытын кигендері небары 10-15мың еді.Ал,Ресей жерінде қалған Қалмақтар Пугачев реформасының арқасында аман қалып,автономиялы Республика аталады.Бірақ бұл қуаныштың да қауқары келте болды.1941-45 жылдардағы соғыс кезінде Сталиннің шешімімен «сенімсіз ұлт»-деп танылып,бастарына қара бұлт тағы үйіріліп,күл-талқаны шығады.
Қытай мен Қазақ шекаралас болуы,Жоңғарлардың күйін кешетінінің кепілі іспетті болған соң, Абылай Шыңжаң аймағына қақпалап Қалмақтарды өткізіп жіберуімен қатар,біршама қазақ отбасыларын да қоныстандырады. Кейін Қытай-Қазақ арасындағы шекараны бекіту нәтижесінде Шыңжаңдағы қандастарымыз арғы бетте қалып қояды. Міне,Жоңғар xалқының тариxы,Қалмақтардың қырғыны,Абылайдың озық саясаты.Бір ұшы Қытай жеріндегі бауырларымызға да келіп тиіп отыр.Тариxты білу-үлкен міндет.Шыңғыс xанның атының ауызындағы тісті санағанша осындай құнды әрі маңызды ақпараттарды білу пайдалырақ.

Сұлтан Қазиев
«Қасым» порталы

qasym.kz

26 тамыз 2019 ж. 2 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930