Бірінші раундтың ең жарқын сериясы: «Барысқа» осы ұмтылысы үшін жанкүйерміз
Жеті матч, ғажайып камбэктер мен соңғы секундтарға дейінгі талас-тартыс... «Барыс» пен «Торпедо» Гагарин Кобугінің алғашқы раундының көркін қыздыра білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
«Барыс» ойыншылары өз мәнерінен айнымай конференцияның жартылай финалына шықты. 0:4 есебіндегі жеңіс, 3:0 есебімен есе жіберу, өз қақпасына қарайламаған ойын... «Barys style» деген де нақ осы! Лиганың барлық клубтары демалып, екінші раундқа дайындалып жатқан кезде «Барыс» ойыншылары мен «Торпедолықтар» өзара мықтыны анықтап жатқан еді. Қос команда плей-оффтың алғашқы раундының ең жарқын әрі есте қаларлық сериясын көрсете білді.
«Барыстың» бүгін жеңілуге қақы жоқ еді. Себебі, командаға үміт артып отырғандар көп болды. Сын сағатта канадалық Даррен жасындай жарқылдап, дубль жасады. Шешуші матчта Дарреннің фантастикалық шайбасы жеңісті жұлып алды! Матчтың сипаты да өзгеше болды: астаналықтар алға шықса, торпедолықтар артынан қуып келе жатты.
Бәйгеге ұқсаған осы матч ақыры біздің пайдамызға шешілді. Қазақстандық клуб өз тарихында үшінші рет Гагарин Кубогінің екінші раундына шықты. Ол жерде астаналықтарды «Авангард» командасы күтіп тұр. Авангардтықтар Чернышев дивизионында «Барыстан» ұтылып қалғанымен, плей-офф стартында «Ақ Барысты» 4:0 есебімен артта қалдырған еді.
Үшіншіден, «Барыс» Гагарин Кубогінің үшінші раундына бірде-бір мәрте шығып көрмеген болатын. Конференцияның финалында командамызды бірде «Салават Юлаев» (2014 жылы), бірде «Магнитка» (2017 жылы) тоқтатқан. Бірақ, бұл маусымда астаналықтардың шабысы ерек. Енді мықтының бәрі плей-оффта анықталады.
Перевод: Аян Бекенұлы