Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өнер барысы» турниріне билетті қайдан алуға болады

«Өнер барысы» турниріне билетті қайдан алуға болады

21 наурызда өтетін «Өнер барысы» турнирінде жұлдыз-балуандар екі салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Өткенде сараптап, санап қарап едік, жобаға қатысушылардың (Инстаграмдағы) оқырман саны 12 миллионға жетеді екен. Енді соны 4 миллионы бір-бірін қайталамайтын таза оқырмандар болса, жобаның жалпы жарнамасын қалай жасалатынын, дақпырты қалай кететінін өздеріңіз бағамдай беріңіз. Бұл жобаға қатысушылар жалпыға үлгі болары анық. Жобаны көрсеткелі отырған «Хабар» арнасына алғыс білдіреміз», - дейді «Өнер барысы» жобасының продюссері Мейіржан Әлібек Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 
Оның айтуынша, турнирге қатысуға 100-ге тарта адамнан өтінім келіп түскен. Алайда олардың тек 18-і таңдалып алыныпты. 
««Қазақ хандығы» фильмінде Жәнібек ханның рөлін сомдаған актер Еркебұлан Дайыровпен сұхбаттасып отырсам, «маған еліктейтін тым болмағанда екі бала Қазақ күресіне барса, менің жүлдем сол» деп жатыр. «Өнер барысы» - дәстүріміз дәріптеліп, салтымыз салтанатын құратын жоба болады деп күтілуде», - дейді ол. 
Жоба продюссерінің айтуына қарағанда, жұлдыздар екі салмақ бойынша өзара бақ сынасады. Яғни, жұлдыздар 75 келіге дейін және 75 келіден жоғары салмақ деп бөлініп, жүлдені сарапқа салады. 
Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов баспасөз мәслихатында «Өнер барысы» турниріне билетті қайдан алуға болатынын айтып өтті. 
«Билеттер қаланың барлық кассаларында сатылады. Сондай-ақ, «Тикетон» және «Топ-тикет» сайттарынан да электронды билет ала аласыздар. Билет бағасы қолжетімді - 1000-3000 теңге аралығында», - дейді Болат Мажағұлов. 
Еске сала кетсек, «Өнер Барысы» республикалық турнирі өтетінін кеше хабарлаған болатынбыз. 
Жиырмаға жуық палуан чемпиондық белдікті сарапқа салады. Олардың ішінде бірде-бір кәсіпқой спортшы жоқ. Бірақ оларды бүкіл Қазақстан халқы таниды - татамиге танымал артистер мен музыканттар шығады. Әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар ұлттық спорт түрінен шеберлік байқасады. 
Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан және басқалары боз кілемде белдеседі. 






















                                                                                                                                          Автор: Аян Бекенұлы
06 наурыз 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930