Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық волейболшылар жеңімпаз атанды

Қызылордалық волейболшылар жеңімпаз атанды



Павлодар қаласында волейболдан 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жарыста қызылордалық волейболшылар 16 команданың арасынан 1-орынды иеленіп, алтын медальға ие болды.Облыс құрамасы жартылай сында Тараз командасын 3:1 есебімен ұтса, ақтық сайыста Жетісуді 3:0 есебімен жеңіп, үшінші мәрте жеңіске қол жеткізді. Сондай-ақ, команда сапындағы шиелілік Бекнұр Сайрамбек «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.
Айта кетейік, осы жас ерекшелігі бойынша шеберлік байқасып жүрген жерлестеріміз былтыр Қазақстан Республикасының жазғы және күзгі чемпионаттарына қатысып, екі мәрте чемпион атанған болатын. Бұл – олардың үшінші жеңісі.
Спортшылардың алдағы мақсаты – Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионатында сәтті өнер көрсету.
Команданы жарысқа Өтепберген Әбдіраманов дайындады.
16 қаңтар 2019 ж. 1 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930