Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәнерлеп сырғанаудан Астана кубогі өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан Астана кубогі өтеді



5-6 желтоқсанда Астанадағы «Алау» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет «Astana Figure Skating Cup – 2018» жарысы өтеді.Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Жарысқа республиканың барлық өңірлерінің спортышлары қатысады. Қыздар мен бозбалалар арасында жеке сырғанаудан ұйымдастырылатын жарыс бірыңғай республикалық жіктемеге және 2018-19 жылғы маусымға арналған ISU ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Жарыстың жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.
Шара мақсаты – дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберліктерін ұштау, мықты спортшыларды анықтау, жаттықтырушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Ұйымдастырушылар – қаланың мәдениет және спорт басқармасы, «Алау» мұз сарайы мен спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Baq.kz
04 желтоқсан 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930