Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.

«Көктем жұлдыздары» республикалық турнирінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.


15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде  мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті. Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда 1,2-разряд бойынша бақ сынасты.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған республикалық турнирге 5-15 жас аралығында 50-дей мәнерлеп сырғанаушылар қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.
Турнир жеңімпаздары: Мелиса Пак, Рамиля Қамбарова, Темірлан Якияев, Аянат Қасымова, Алина Жанділдаева, Манас Бекташов, Диана Джармұхамедова.
Күміс жүлдегерлер: Аделя Махатова, Карина Ли, Бибінұр Дербісәлиева, Айымжан Иноят.
Қола жүлдегерлер: Малика Джармұхамедова, Нариман Молдабек, Нұрай Нақып, Амина Сұлтан, Жансая Есен, Ариана Дигай.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. 
18 мамыр 2018 ж. 1 318 0