Рыбакина Канададағы “Мастерс“ турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Жапония өкілі Наоми Осаканы жеңді.Үш сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 4:6, 7:6(5), 6:4 есебімен басым түсті. Матч 2 сағат 36 минутқа созылды. Финалға шығу үшін Елена Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі.






