АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады?
Қостанайдың іргесінде жатқан кең алқапта өткен «Jańa Dala/Green Day 2026» агрофестивалі аясында өңір фермерлеріне ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар, инновациялық жетістіктер, заманауи техникалар таныстырылды. Жылда күзгі егін орағы қарсаңында өтетін ауқымды іс-шараны облыс әкімдігі мен «Expo Time» компаниясы ұйымдастырып отыр. Агрофестивальға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Бүгін АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 санатындағы әлем чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы бақ сынайды. Құрамаға мына спортшылар енді:
- Максим Сажнев (диск лақтыру)
- Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс)
- Егорь Струков (5000 метрге спорттық жүріс)
- Глеб Гладилов (үш қарғып секіру)
- Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс)
- Анна Черкашина (сырықпен секіру)
- Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Софья Киденко (400 метрге жүгіру)
Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1800-ден аса жеңіл атлет қатысады.






