Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегерандағы табыс

Тегерандағы табыс

Иранның бас шаһары Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионаты аяқталды.

Тегерандағы табыс

Парсы елінде 12 спортшымыз жеңіс тұғы­рына көтерілді. Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Елизавета Мат­веева (биіктікке секіру) және 4х400 эстафеталық сайыс­та ерлер мен әйелдер құрамасы бас жүлдені жеңіп алса, Ольга Сафронова (60 метр) мен Иван Иванов (ядро лақтыру) күміс медальды мойнына ілді. Ал Аяна Болатбекқызы (1500 метр), Ақбаян Нұрмәмет (800 метр), Мария Ефремова (қарғып секіру), Алина Чистякова (бессайыс), Ефим Тарасов (400 метр) және Максим Фроловский (3000 метр) қолаға қол созды. Нәтижесінде, 4 алтын, 2 күміс және 6 қоланы иеленген жерлестеріміз жалпы командалық есепте үздіктер санатына қосылды.
Былтыр Астанада өткен дәл осы жарыста Қазақстан құрамасы 6 алтын, 6 күміс, 3 қоланы еншілеп, жарыс кестесінде екінші орынға жайғасты. Ол кезде жеңіл атлеттеріміз тек жапондардан (6 алтын+5 күміс+4 қола) ғана қалып қойды.
21 ақпан 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30