Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскемендік спортшылар халықаралық додада тоғыз жүлде жеңіп алды

Өскемендік спортшылар халықаралық додада тоғыз жүлде жеңіп алды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен «Eurasian Athletics Meeting» халықаралық жарысы мәресіне жетті. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Бұл додаға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанның жас спортшылары қатысып, жеңіл атлетиканың 40-қа жуық түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге жерлестеріміз де қатысты. Арасында «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілдері де болды.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеде шығысқазақстандық атлеттер жиыны тоғыз жүлде жеңіп алды. Атап айтсақ, ерлер арасындағы 200 метрге жүгіру сайысында Александр Аксютин бірінші орынға ие болса, Владимир Фещенко екінші нәтиже көрсетті. Сол сияқты Владислав Бахтин (биіктікке секіру, бірінші орын), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру, бірінші орын), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру, екінші орын), Айым Қайсанова (Mixed relay, 4x400, екінші орын және 400 метрге жүгіру, үшінші орын), Екатерина Ефремова (400 метрге жүгіру, екінші орын) мен Анастасия Калошинаның (шарбалға лақтыру, екінші орын) қанжығасы майланды.
05 маусым 2019 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930