Гран-при турнирі: Ғұсман Қырғызбаев бүгін финалда екі дүркін олимпиада чемпионымен белдеседі
Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты. Финалда ол екі дүркін олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен белдеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады. Алғашқы белдесуде ол моңғолиялық Турболд Тумурхууды жеңіп, Черногория өкілі Юсуф Нуркович пен әзербайжандық Руслан Пашаевтан айласын асырды.
Жартылай финалда бразилиялық Роналд Лимадан басым түсіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде отандасымыз олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен сынға түседі.
Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі. Медальдар сарапқа салынатын финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген болатын.







