Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті

Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті

Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түстіАҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары алғашқы тур аясында тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz. G тобындағы кездесу Инглвуд қаласындағы «Софи Стэдиум» аренасында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Ойында мексикалық төреші Сесар Рамос Паласуэлос төрелік етті.
Ойынның 7-минутында Жаңа Зеландия шабуылшысы Элайджа Генри Джаст есеп ашты. Алайда 32-минутта Иран құрамасының қорғаушысы Рамин Резаэян таразы басын теңестірді.
Екінші таймның 54-минутында Джаст өз командасын қайта алға шығарғанымен, 64-минутта Иран сапынан Мохаммад Мохеби жауап голын соғып, матчтағы тең нәтижені орнатты. Бұған дейін Бельгия мен Египет құрамасы арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, G тобындағы төрт құрама да алғашқы турдан кейін бір-бір ұпайдан еншіледі.
Келесі кезеңде Иран ұлттық құрамасы Бельгия командасымен кездессе, Жаңа Зеландия Египет құрамасымен ойнайды. Матчтар 22 маусымға жоспарланған.
Еске сала кетейік, футболдан XXIII Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарынан, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы және «Birge.tv» платформасынан онлайн форматта көруге болады.


16 маусым 2026 ж. 28 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 32

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930