Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады

Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Ел құрамасы бұл әлем біріншілігінде 10 медаль еншіледі. Оның жетеуі - алтын, біреуі - күміс, екеуі - қола жүлде.
Үздіктер бақ сынаған жарыста Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (+90) алтын медаль олжаласа, 48 келіде әлемнің 3 дүркін чемпионы Назым Қызайбай күміс жүлдеге қол жеткізді. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлде қанжығалады.
Жалпыкомандалық есепте екінші орын алты алтын, екі күміс, үш қоламен Өзбекстан еншісіне жазылды. Екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен Үндістан үздік үштікті қорытындылады.

Сурет: ҰОК/ Сали Сабиров

15 қыркүйек 2025 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930