Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан үш алтын жүлде олжалады

Екінші алтын жүлдені 50 келіде ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова еншіледі. Ол финалда Қытайдың жас боксшысы Ху Мэйимен шықты. Жерлесіміз кездесуді толықтай өз бақылауына алып, жылдамдық жағынан бір бас жоғары болды. Есеп: 5:0. Осылайша, Алуа Балқыбекова алғаш рет әлем чемпионатының бірінші тұғырына көтерілді. Отандасымыз бұған дейінгі әлем чемпионаттарында 2022 жылы -күміс, 2023 жыл - қола жүлдеге қол жеткізген еді. Үшінші алтын медальді Аида Әбікеева тағынды. 63 келіде алғаш рет финалға шыққан Аида Әбікеева Таиланд өкілі Тананья Сомнуекке еш мүмкіндік қалдырмады. Қос боксшы 2024 жылғы Азия чемпионатында да жолдары түйісіп, Аида басым түскен болатын. Финалдық айқаста ғана айы оңынан тумаған 60 келідегі Виктория Графеева мен 81+ келіде бақ сынаған Елдана Талипова күміспен күптелді. 70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова қола жүлдені қанағат тұтты.