Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарладыПарижде өткен «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды, деп жазады Egemen.kz. Аталған жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жеткен Анна Данилина үздік жұптардың тізімінде бірден сегіз сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 9 орынды иеленуде. «Үлкен дуылға» санатындағы турнирдің шешуші сынында Крунич пен Данилина жұбы Италияның мықтылары – Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен ұтылды.
Францияның астанасындағы ерлердің бәскесінде үздік сегіз ойыншының қатарына қосылған Александр Бублик бұл жолы 19 бәсекелесін басып озып, 43 орынға жайғасты. Александр Шевченко ТОП-100-дікті түйіндеп тұр. Әйелдер арасындағы рейтингте Елена Рыбакина өзінің 11 орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 27 сатыға табан тіреді.  
10 маусым 2025 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031