Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?

Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?
Фото: aikyn.kz

Париж Олимпиадасы салтанатында Қазақстанның Туын алып шығу міндеті боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.
Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. 
Сафронова Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жеткен. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бақ сынаған. 
Еске салайық, Париж Олимпиадасы осы айдың 26-сы басталады. Еліміздің еншісінде 25 спорт түрінен 88 жолдама бар. 
04 шілде 2024 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031