Тоғыз жыл күткен жеңіс
Кувейтте семсерлесуден өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміздің командасы жеңіске жетті. Біз құрлық аламанынан алтын медальды күткенімізге – тоғыз жыл.
Шпагамен семсерлесуде еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатындағы қарсыластарын айқын еңсерді. Тіпті финалдық тартыста 2021 жылы өткен Токио жазғы Олимпида ойындарының чемпионы Жапония құрамасын айқын ұтты. Ал іріктеу сынында Қатар, Қырғызстан, Гонконг құрамасын ығыстырды. Осылайша, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов төрттігі құрлықта қара үзді. Шілде айының соңын ала түлігі түріліп, жалауы желбірейтін ХХХІІІ Париж жазғы Олимпиада ойындарында осы жігіттер ел сенімін ақтау үшін барын салады.
Мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов еліміздің командасы 2015 жылдан бері Азия құрлығында жеңіс тұғырына көтеріле алмай келгенін айтты. «Жігіттердің жеңісі орасан табыс деп мақтауға тұрарлық. Себебі олар финалда әлемдік рейтингтегі көшбасшы команданың бірі, жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы Жапония құрамасын жеңді. Тоғыз жылдың ішінде біздің жігіттер Азия чемпионатының финалына дейін үш рет жетіп, күміс медальды місе тұтты, бес мәрте қола жүлдегер атанды. Командалық рухты жанып, ерік-жігерді қамшылаған шәкірттеріміз жапон спортшыларының айбарынан ыққан жоқ», деді Тимур Байтасов.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте төртінші сатыға көтерілді. Ұлттық құрама мүшелерінің ендігі межесі – Париж жазғы Олимпиадасының медалі.