ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Музей - еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Осы бағытта өнерлі балаларды Социалистік Еңбек Ерлерінің еңбектерімен толықтай ақпараттандыру үшін 2024 жылдың 19 маусым күні Байсын ауылдық мәдениет үйі жанындағы "Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "Креативті HUB" жобасы аясында мәдениет үйі жанындағы үйірме мүшелерімен Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде «Ұлттық ойын халық мұрасы» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.
Танымдық сағат 2 кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең музеймен танысу, 2 кезең «Асық ату», «Шахмат» ойындарынан сайыс.
1-зал: «Сыр өңіріндегі күріштің даму тарихы», Күріш ерте заманнан келе жатқан ауыл шаруашылық дақылы. Шыққан жері дәл анықталмаған. Н.И.Вавиловтың және басқа да ғалымдардың пікірі бойынша бұдан мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда күріш өсіру пайда болған. Закавказье, Орта Азия және Қазақстан территорияларында күріш өсіру б.э.бұрын ІІІ-І ғасырларда пайда болған. Бұл өңірде ертеден күріш өсіргендігін археологиялық қазбалардан, қазақтардың арғы тегі түріктердің жазба нұсқаларымен сөздік лексикаларындағы «Тұтырған» - күріш деген сөзі Махмұд Қашқаридің атақты сөздігінде жазылған.
Қазан төңкерісіне дейін Орта Азия Қазақстанда күріш өсіру диқаншылығы біздің заманымызға дейін ІІІ-І ғасырларда дамыған. ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталды, кейіннен облыс көлеміне тарады. Күріш Сыр өңірінде б.з.д ІІІ-І ғысырларда Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы суармалы жерлер Қуандария, Іңкәрдария, Жаңадария өзендері бойында пайда болғандығы жайлы баяндалған.
2-зал«Ы.Жақаев және оның ұрпақтары», Ы.Жақаев қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шет елдерде сапары, өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде Жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңі экспозицияланған.
Ы.Жақаев атамыз Қарғалы деген елді мекенде кедей шаруа отбасында туылған. Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылын кеңестендіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне белсене араласты. 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, оның алғашқы басшыларының бірі болдығы көрсетілген.
3-зал «Ыбырай ізбасарлары және Тәуелсіздік» Ы.Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары және аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жақаевшыл жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.
Өнерлі балалар залдармен толық танысып болған соң, «Асық ату» және «Шахмат» ойындарын ойнады.
Танымдық сағатқа соңында Байсын ауылдық мәдениет үйі жанындағы үйірме мүшелері дипломдармен марапатталды.