Бекзаттың ізбасарлары күш сынасты
Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы XXII халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды. Дәстүрлі турнирде еліміздің өңірлерінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 220-ға жуық спортшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Бекзаттай чемпион болуды армандаған жастардың Түркістанға сапар алдында Сидней Олимпиадасындағы финалдық жекпе-жек туралы ақпараттарды қайта бір ақтарып, бейнетүсірілімдерді тағы бір тамашалап, қанаттанып келгені анық. Жас боксшылардың отты жанарын көрген біз солай ойладық. Иә, сол сында Олимп шыңының ұшар басында, яғни ақтық сында кездескен қос мықтының бірі – 1999 жылғы әлем чемпионы, америкалық Рикардо Хуарес, екіншісі бұған дейін жалпақ дүниеге аты беймәлім Бекзат Саттарханов еді. Екеуі – түйдей құрдас. Екінші раунд біткенде Саттарханов оқ бойы озық тұрды, есеп – 15:4. Үшінші, төртінші раундтардағы жан алып, жан беріскен жекпе-жек, жалпы сол кездесу бүгінгі жас спортшылар сабақ алатын шеберліктің, намыс пен табандылықтың, жеңіске деген ұмтылыстың жиынтығы сынды еді. Ал «Olympic Center» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Елдің атын шығарған ердің есімі жаңғырып, жыл сайын турнир өтіп жатқанына ана жүрегіммен қуаныштымын. Шын мықтыға тұсау жоқ. Күллі қазақтың даңқын 20 жасында әлемге танытқан Бекзаттың спорттағы даңғыл жолы боксшыларымызға жұғысты болсын. Жарысты халықаралық деңгейде ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған облыс әкімдігіне, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымына алғысым шексіз», деді Сырлыкүл Адырбекқызы.
Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов бастаған ер Бекзаттың спорт саласындағы әріптестері мен еліміздегі бокс майталмандары жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнир Бекзаттың кіндігі кесілген күні, яғни 4 сәуірде өз мәресіне жетті. Бокс додасының қорытындысында қыздар арасында бақ сынаған алматылық Э.Тұрғанова (50 кг), түркістандық Л.Абдуллаева (54 кг), Қырғызстаннан келген М.Әділбаева (57 кг), Алматы облысынан М.Манатқызы (60 кг), А.Есбосынова (Маңғыстау облысы. 66 кг) және 75 килода түркістандық Ш.Нәлібай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды.
Ал ұлдар арасында шаршы алаңда жасындай жарқылдаған ұландарымыз жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Б.Нұрымбетов (Шымкент қ. 48 кг), Д.Берікбай (Жетісу обл. 51 кг), Б.Аскертаев (Ақмола обл. 54 кг), Е.Ұзақбай (Түркістан обл. 57), Ғ.Ермекбай (Жамбыл обл. 60 кг), А.Үсен (Түркістан обл. 63,5), А.Көшербай (Жамбыл обл. 67кг), Б.Нұрмахан (Маңғыстау обл. 71 кг), А.Кеңшілік (Ақтөбе обл. 75 кг), Р.Динеуов (Ақтөбе обл. 80 кг), И.Днишев (БҚО. 86 кг), Д.Данияр (Алматы обл. 92 кг), С.Тлекбай (Маңғыстау обл. +92 кг) алтыннан алқа тақты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне белбеу, медаль және диплом табысталды.
Айта кетелік, Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынып жатыр. Бүгінде нысанның ішкі әрлеу, қасбетті сәндеу, жылыту, желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың жалпы ауданы – 7 248 шаршы метр, жер аумағы – 1,8 гектар, құны – 3,1 млрд теңге. Нысан биыл тапсырылады. Заманауи спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасалады. Жалпы облыс көлемінде 39 спорт мекемесінде 6 200-ден аса спортшы бокспен шұғылданса, оларды 270 жаттықтырушы баптап жүр.

ТҮРКІСТАН