Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты

Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты

Бокстан Қазақстан жастар командасының бапкерлер құрамында өзгерістер болды, деп жазады turkystan.kz.
Olympic.kz сайтының дерегінше, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

Ол бұл міндетті атқарған Әділ Басығараевты алмастырды.

Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан бөлек, бас құраманы да жаттықтарған. Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Қыздар командасында да бапкерлер ауысты. Қыздар арасындағы жастар құрамасына Жангелді Ахметов аға бапкер болып тағайындалды.

Сонымен қатар, бокстан Қазақстан жасөспірім ұлдар командасына Мақсат Оспанов, жасөспірім қыздар командасына Айбек Әбілдә жетекшілік етеді.
04 сәуір 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031