Ақ жол, Асу!
Барша қазақ жанкүйері 10 наурызда АҚШ-тың Майами қаласында жалауы желбірейтін UFC-299 турнирін тағатсыздана күтіп отыр. Сол кеште қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу «Зұлпықар» Алмабаев жергілікті файтер Си Джей Вергарамен күш сынасады.
Си Джей 1991 жылдың 18 маусымында Сан-Антониода дүниеге келген. Әу баста спорттың сан алуан түрімен айналысқан бозбала есейе келе муай-тайға қызығушылық танытты. 2012 жылдан бері ол аралас жекпе-жекке мықтап ден қойды. Сол аралықта Вергара 17 мәрте жекпе-жекке шығып, 12 рет жеңіске жетті. Бұл айқастардың жетеуінде айқын жеңіске қол жеткізді. Төрт рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді.
30 жастағы Асу – Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тумасы. Бастапқыда ол отандық Алаш Прайд, ресейлік Tech-Krep FC, Fight Nights Global, АСА, М-1 және бахрейндік Brave лигаларында өнер көрсетті. Былтыр 5 тамызда қазақтың қайсар ұлы UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Оди Осборнға қарсы өткізіп, оны екінші раундта қылқындырып тастады. Жалпы 10 жылда Алмабаев 20 мәрте октагонға шығып, соның 18-інде жеңіске жетті. Сол жекпе-жектердің тең жартысында айқын басымдық танытты. 2017 жыл Асу үшін сәтсіз болды. Қандасымыз Махачкалада дағыстандық Тагир Уланбеков пен Алматыда әзербайжандық Мехман Мамедовке есе жіберді. Ал содан кейінгі алты жыл аралығында ол 14 кездесу өткізіп, барлық қарсыласын қапы қалдырды. Оған қоса, «Зұлпықардың» джиу-джитсудан әлем және комбат джиу-джитсудан Азия чемпионы деген атақтары бар.
Майамиде біз Асу Алмабаев пен Си Джей Вергараның жекпе-жегінен бөлек, тағы 14 кездесуді тамашалаймыз. Бұл кештің басты бәсекесінде Шон О’Мэлли (17-1) мен Марлон Вера (21-8-1) және Дастин Порье (29-8) мен Бенуа Сен-Дени (13-1) арасында өтеді. Сондай-ақ Майкл Пейдж (21-2) бен Кевин Холланд (26-9), Гилберт Бёрнс (22-6) пен Джек Делла Маддалена (15-3), Пётр Ян (16-5) мен Ядун Сун (21-7-1), Жаилтон Алмейда (20-2) мен Кёртис Блейдс (17-4) және Матеуш Гамрот (23-2) пен Рафаэль дос Аньос сынды саңлақтардың да (32-15) айқасы да көрермендер көңілінен шығатынына күмәніміз жоқ.