Сәкен сәтті бастады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпия ойындарының іріктеу турнирін Қазақстанның былғары қолғап шеберлері сәтті бастады.
Алғашқы болып рингке көтерілген 51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов Гонконгтың өкілі Каннет Чун Хим Танмен күш сынасты. Бәсеке басталған бетте тізгінді мықтап қолына алған атақты боксшымыз қарсыласын оңдырмай сабады. Үшінші раундта төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут! Келесі кезеңде Сәкен кениялық Каранджей Давид Мачариамен қолғап түйістіреді. Одан кейін 60 кг салмақтағы Римма Волосенконың өнерін тамашаладық. Ол Тринидад пен Тобагоның өкілі Хаднас-Сах Тианна еш қиналмай ұтты.
Кеше Махмұд Сабырхан (57 кг) эфиопиялық Ядеса Летаны және Нұрбек Оралбай (80 кг) гаитилық Седрик Белони-Дюльепрені сынақтан өткізді. Алдағы күндері көрермендері тағы бірнеше тартысты жекпе-жектер күтіп тұр.