Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдеді

Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдеді

Өткен түні «Қазақ каролі» лақап атымен шаршы рингте шайқасатын Сұлтан Заурбек Англияда кезекті жеңісіне жетті. Ол спорттық мансабындағы жеңілістің «0» есебіндегі сандық көрсеткішін сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.

Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдедіСұлтан Заурбек колумбиялық боксшы Виктор Хулиоға қарсы қолғап түйістірді. Сегіз раундтың қорытындысында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен отандасымыз 17-ші жеңісіне жетті. Осылайша ол жеңілмейтін спортшы екенін тағы да дәлелдеді.
Дегенмен бәсекеге таяу уақытта белгілі болған қарсыласын нокаутқа түсіре алмағаны үшін кей бокс сарапшылары Сұлтан Заурбектің өнеріне жоғары баға бере алмайтынын да мәлімдеп үлгерді. Бұл қатарда Джулиус Джулианис бар.
Айта кетейік, Сұлтан Заурбектің осы жолғы қарсыласы аргентиналық Карлос Даниэль Кордоба болуы керек еді. Ол жарақатына байланысты рингке шыға алмады. 

Фото: sports.kz
02 наурыз 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930