Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нагано Олимпиадасына – 26 жыл

Нагано Олимпиадасына – 26 жыл

Осыдан дәл 16 жыл бұрын, яғни 1998 жылдың 21 ақпанында Жапонияның Нагано қаласында XVIII қысқы Олимпия ойындарының алауы сөнді.

Нагано Олимпиадасына – 26 жылКүншығыс елінде 72 мемлекеттен келген 2 176 спортшы өнер көрсетті. Бұл жарысты «Egemen Qazaqstan» газетінің төрт бірдей тілшісі тамашалап, әр күн сайын Жапониядан жағымды жаңалықтар мен тартымды ақпараттар таратты. Үш аптаға созылған бәсекелер барысында Германия құрамасы жалпы есепте көш бастады. Немістер 29 жүлде (19 алтын+9 күміс+8 қола) олжалады. Екінші және үшінші орындарды Норвегия (10+10+5) мен Ресей (9+6+3) иеленді. Канада (6+5+4) мен АҚШ (6+3+4) төртінші және бесінші сатыларға жайғасты. Ал жарыс қожайындары жетінші орынды қанағат тұтты. Олардың еншісінде – 5 алтын, 1 күміс және 4 қола.
Қазақстанның спортшылары да жапон жерінен құрқол қайтқан жоқ. Байрақты бәсекеде конькиші Людмила Прокашева (5000 метр) мен шаңғышы Владимир Смирнов (15 шақырым) қола медальды олжалады.
21 ақпан 2024 ж. 153 0