2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүлде қоры – 100 млн теңге

Жүлде қоры – 100 млн теңге

Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет жаңа маусым қарсаңында отандық клубтардың қатысуымен өтетін турнирге қомақты көлемде қаражат тігі­леді.





Аталған жарыс 17-21 ақпан аралығында Түркияның Билек қаласындағы «Титаник Делюкс» стадионында ұйымдастырылады. Жүлде қоры 100 млн теңгені құрайтын турнирде Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл», Семейдің «Елімай» және «Ақтөбе» клубтары шеберлік байқасады. Бас жүлде алған команда 60 млн-ды олжаласа, финалда ұтылған ұжым 40 млн-ды еншілейді.
Ел чемпионы «Ордабасы» мен Бірінші лиганың жеңімпазы «Елімай» арасындағы кездесу турнирдің шымылдығын ашады. Одан кейін премьер-лиганың қола жүлдегері «Ақтөбе» Қазақстан кубогінің иегері «Тобылмен» күш сынасады. Жартылай финал 17 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де өтсе, финалдық сайысты сол күні 20.00-де тамашалаймыз.
14 ақпан 2024 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930