Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды

Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды

Х MMA TIME аралас жекпе-жек туралы француз тілінде ақпарат тарататын парақша Қазақ файтері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қашан шығуы мүмкін екенін айтты.

Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды
Фото: instagram_shavkatrahkmonov9

Х MMA TIME жартылай орта салмақтағы UFC белбеуіне таласуға америкалық Белал Мұхаммадтың мүмкіндігі жоғары деп бағалады. Сәйкесінше қазіргі титул иесі Леон Эдвардс өз атағын Белал Мұхаммадпен жекпе-жекте қорғауы мүмкін. Көпшілік осы салмақтағы титул тағдыры UFC 300 турнирінде шешілуі мүмкін екеніне сенім білдіреді. Х MMA TIME пікірінше,  Шавкат Рахмонов екеуінің арасында жеңімпаз атанған спортшымен жекпе-жек өткізуге лайық.
Ал жартылай орта салмақта рейтингте аталған екі файтерден кейін тұрған отандасымыз белбеуге күресу үшін тағы бір аралық жекпе-жек өткізуіне тура келуі әбден мүмкін.
«Белал чемпиондық атаққа ие болу мүмкіндігіне әбден лайық, ал Шавкат одан кейінгі кезекте тұр. Чемпиондыққа таласу үшін Шавкат тағы да жеңіске жетуі керек.  Одан рейтингте жоғары тұрған  Белал Мұхаммад пен Камару Усман онымен жұдырықтасуды қаламайды. Бірақ ол Колби Ковингтонды таңдай алады. Колби да Шавкатпен алаңға шығуды қаламайтын шығар», деп жазды ақпараттық ресурс. 
13 ақпан 2024 ж. 197 0