Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Бучамен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:1 есебімен оңай жеңіске жетті. Екінші партияда қарсыласы қарқынын үдеткенімен, алайда Рыбакина 6:4 есебімен матчты аяқтады.

Елена матч кезінде жеті эйс пен үш қос қателік жасады және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисші турнирдің финалына шығу үшін ресейлік теннисші Людмила Самсоновамен шеберлік байқасады. Ол бұған дейін Самсоновамен үш рет кездесіп, бәрінде жеңіліп қалған еді.
massaget.kz
​​​Фото: wtatennis.com

09 ақпан 2024 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930