Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде әкім кубогі: Ала доп додасы жалғасуда

Шиеліде әкім кубогі: Ала доп додасы жалғасуда




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент ретінде алғашқы Жолдауында «Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, соның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деген болатын.

Осы мақсатта 9 сәуір күні аудандағы бірнеше мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан «Шиелі ауданы әкімі кубогының» турнирі бастау алған болатын. Ала доптың додасы әр жексенбі сайын аудандық спорт мектебінде өтеді. 

Бүгінге дейінгі 2 ойынның есебі бойынша 5 ұжым командасы алғашқы орындарға жайғасты. Атап айтқанда, «Шиелі Ардагерлер», «Шиелі РЭС», «Шиелі Өрт», «Мәдениет және спорт», «Аудандық полиция» командалары алғашқы бестікте көш бастап тұр. Айта кетейік, «Ардагерлер командасы» екі ойын нәтижесінде қарсылас қақпасына 15 доп соғып, 3 доп есе жіберді.

Турнирге мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина, білім беру салалары мен орман, су, өртке қарсы қызмет, теміржол сынды бірқатар мекеме өкілдері және ардагерлерден жасақталған 14 бірдей команда қатысып жатыр.

Ала доп бәйгесі әр аптаның жексенбі күндері ұйымдастырылып, бірнеше айға созылатын болады. Аталған турнир 26 кезеңнен тұрады.
03 мамыр 2023 ж. 490 0