Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құрама рейтингте өрледі

Ұлттық құрама рейтингте өрледі

рейтинг

Халықаралық футбол қауымдастықтары федера­ция­сы жаңартылған рейтинг жариялады.

Қазақстан футбол федерациясы хабарлауынша, ұлттық құ­рама жаңартылған рейтингте үш сатыға жоғарылап, 112-орынға жайғасты.
Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы нау­рызда 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі ая­сында екі ойын өткізген еді. Алғашқы матчта Словенияға (1:2) есе жібергенімен, кейін Даниядан (3:2) басым түсті.
Рейтинг бойынша, 1840.93 ұпаймен Аргентина құра­ма­сы көш бастап тұр. Одан кейін Франция мен Бразилия бар. Ал Бельгия мен Англия үздік бестікті түйіндейді.
08 сәуір 2023 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31