2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің үздік футбол лигалары. ҚПЛ нешінші орында?

Әлемнің үздік футбол лигалары. ҚПЛ нешінші орында?

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең мықты лигаларының рейтингін түзді.

2009 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер-лигасы көш бастады. Соңғы он жылда Испания Примерасына тең келетін біріншілік болмаған еді. Жаңартылған рейтингтің екінші сатысында Бразилияның А Сериясы жайғасты. Үздік үштікті Ла Лига түйіндеді. Қазақстан Премьер-Лигасы 410 ұпаймен 43-ші орыннан көрінді. Өткен жылға қарағанда біздің чемпионат үш сатыға төмендеген. Біздің алдымызда Сауд Арабиясы (32), Конго (35), Қытай (39) және Венесуэла (41) мемлекеттерінің біріншіліктері жайғасқан. IFFHS рейтингін түзу барысында неге негізделгені нақты белгісіз. Ұпайлар командалардың әр түрлі турнирлердегі нәтижесі, футболшылардың трансфері және чемпионаттың қаржысына қарай берілген болу керек. Әлемнің ең мықты 10 чемпионаты:

1. Англия – 1287 ұпай;
2. Бразилия – 1165;
3. Испания – 1141;
4. Италия – 939;
5. Колумбия – 849;
6. Португалия – 834;
7. Франция – 818;
8. Голландия – 790,5;
9. Аргентина – 776;
10. Германия – 765,5,
...25. Украина - 542,
...26. Ресей- 538,5,
...36. Болгария - 437,
...40. Венгрия - 425,5,
...43. Қазақстан - 410,
...45. Беларусь - 397,
...52. Польша - 364,5,
...61. Латвия - 340,
...67. Өзбекстан - 292,5,
...71. Литва - 279,5.

23 қаңтар 2020 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930