Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошылары қатарына кірді

Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошылары қатарына кірді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлемдік Гран При турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Жаңа рейтингке сәйкес, жарыс жеңімпазы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 4821 ұпаймен 6-орыннан 5-орынға көтеріліп, әлемнің ең үздік «ТОП-5» дзюдошылары қатарына енді. Күміс жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов болса, 3504 ұпаймен 12-ден 11-ге көтерілді.
Айта кетерлігі, IJF ержесіне сәйкес Гран Приде 1 орын алған спортшыға 700 ұпайдан, 2 орынға– 490 ұпай, 3 орынға ие болған дзюдошыға әлемдік рейтингте 350 ұпайдан қосылды.
Назарларыңызға жаңартылған әлем рейтингіндегі қазақстандық дзюдошылардың орындарын ұсынамыз (ТОП-50):
60 кг
Елдос Сметов - 5 орын (4821)
Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)
66 кг
Ерлан Серікжанов – 8 (4089)
Елдос Жұмақанов – 11 (3504)
73 кг
Жансай Смағұлов – 19 (2448)
81 кг
Дидар Хамза – 17 (2602)
Руслан Мусаев – 49 (1036)
90 кг
Ислам Бозбаев – 11 (3428)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)
Айта кетейік, дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсірген болатын.
16 шілде 2019 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031