Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен бұдан да жоғарыға лайықпын": Шавкат Рахмонов UFC-дегі табысы туралы айтты

"Мен бұдан да жоғарыға лайықпын": Шавкат Рахмонов UFC-дегі табысы туралы айтты

шавкат

Аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов (17:0) Дана Уайттың кеңсесінде жүргізілген келіссөз бен табысы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рахмонов "Вестник ММА" YouTube-арнасына берген сұхбатында жаңа келісімшарт туралы әңгімелескенін айтты. 
"Дана Уайтпен 10-15 минут сөйлестік, сосын жаңа келісімшарт жайлы матчмейкермен тағы 1-1,5 сағат сөйлестік", – деді ол. 
Шавкаттың айтуынша, жаңа келісімдегі шарттар мен талаптар да жақсырақ. 
"Қандай жағдай болса да, менің жекпе-жектерім үшін аз. Жақсы ақша алдым, бірақ мен бұдан да жоғарыға лайықпын. Мұны барлығы түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", – деп жауап берді отандасымыз. 
Еске салайық, Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилды қылқындыру тәсілімен жеңген еді. 

17 наурыз 2023 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (9279)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (9278)

11 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728